logo-qolday-2

«Qoldaý» КО-ның барлық қызметтері тегін ұсынылады

Все услуги ЦП «Qoldaý» предоставляются бесплатно

  • Рус
  • Қаз
  • Главная
  • О нас
    • Организационная структура
    • Руководство
    • Департаменты и контакты
    • Внутренние нормативные документы
    • Вакансии
    • Закупки
  • Финансирование
    • Национальный проект по развитию предпринимательства на 2021-2025 годы
      • Субсидирование ставки вознаграждения
      • Частичное гарантирование
      • Государственный грант
    • Экономика простых вещей
    • Almaty Business – 2025
    • Almaty Business
  • Разрешительные документы
    • Земельные отношения
    • Инженерные сети
    • Лицензии и иные разрешения
    • Строительство
  • Обучение
  • Новости
  • Қаз
    • Рус
    • Қаз

«Qoldaý» кәсіпкерлік орталығы Алматы қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 23 шілдедегі No 3/464 қаулысына сәйкес «Almaty Business – 2025» кәсіпкерлікті дамытудың аймақтық бағдарламасы аясында құрылды.

Тегін оқу, кенестер мен кәсіпкерлерды бизнес бастамасы бар тұғаларды сүйемелендіру.

Мемлекеттік қолдау

Мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар шеңберінде қаржыландырудың оңтайлы көзін таңдауға көмектесеміз және сіздің жобаңызды грант/кредит алғанға дейін сүйемелдейміз.

Бизнес жоспарларды әзірлеу

Сіздің бизнес-жоспарыңызды екінші деңгейлі банктерде, “Даму “кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ, “Almaty Finance” ЖШС, “Almaty “МҚҰ” ЖШС, “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ, “Kazakh Invest” АҚ және басқа ұйымдарда қаржылық және қаржылық емес қолдау бойынша дамыту арқылы жүзеге асырамыз.

Рұқсат құжаттары

Рұқсат беру құжаттарын алуда сүйемелдеуді, қызметтерді алу рәсімінің ашықтығын қамтамасыз етуді және олардың мерзімдерінің сақталуына мониторингті қамтитын қызметтер кешенін көрсету, сондай-ақ рұқсат беру құжаттарын беруді жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру

Оқыту

Ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерді бизнесті сауатты және тиімді жүргізуге үйретеміз.

Мақсаты

Алматы қаласындағы кәсіпкерлік бастамашыл тұрғындарды, кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мен дамытуға байланысты барлық мәселелер бойынша басты және құзырет орталығы болу.

Міндеттері

  • Қала тұрғындарының кәсіпкерлік сауаттылығын арттыру.
  • Жұмыс істеп тұрған бизнеске және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа жобаларды тиімді іске асыруда ұйымдасқан түрде жәрдем көрсету.
  • Кәсіпкерлікті дамытуға кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді жою.
  • Бизнесті дамытудың барлық кезеңдерінде кәсіпкерлерді кешенді қолдау: бизнес-идея пайда болған сәттен бастап жобаны қаржыландыруға және іске асыруға дейін сүйемелдеу.

  • Ұйымдық құрылым

    Басшылар

    Мақашова Асем Талғатқызы

    Бас директордың орынбасары
    Мемлекеттік қызметте 5 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. Маман лауазымынан бастап Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының Жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бөлімінің басшысына дейінгі еңбек жолынан өтті.
    2021 жылдың сәуір айынан бастап «Qoldaý»к әсіпкерлік орталығы» ЖШС-не қабылданды. 2021 жылғы қыркүйектен бастап Бас директордың орынбасары лауазымына тағайындалды.
    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен «Алматы» университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша екі жоғары білімі бар.

    Департаменттер мен байланыс деректері

    • Рұқсат беру құжаттары департаменті
    • Жобаларды сүйемелдеу департаменті
    • Оқыту департаменті
    • Корпоративтік даму
      және жаңа жобалар департаменті
    • Қаржылық және құқықтық қамтамасыз ету департаменті
    • Қызметкерлерді басқару және әкімшілік мәселелер департаменті
    • Комплаенс-офицер
    • Байланыс деректері

    «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығы» ЖШС-нің рұқсат беру құжаттары департаменті кәсіпкерлік субъектілеріне, сондай-ақ Алматы қаласының кәсіпкерлік бастамасы бар жеке тұлғаларға келесі бағыттар бойынша рұқсат беру құжаттарын алуда консультациялық қызметтер көрсетеді:

    • жер қатынастары;
    • сәулет (құрылыс);
    • инфрақұрылымдық желілерге қосылу;
    • лицензиялау және өзге де рұқсат беру құжаттары.

    Департаменттің міндеттері:
    • мемлекеттік органдармен, табиғи монополиялар субъектілерімен және рұқсат беру құжаттарын беруді жүзеге асыратын өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
    • рұқсат беру құжаттарын алу кезіндегі рәсімдердің ашықтығын ұйымдастыру.

    Сейдалиев Ерлан Асанович

    Департамент директоры

    Телефон: +7 (727) 225-10-79, вн.213

    Email: e.seydaliev@qolday.kz

    «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығы» ЖШС-нің жобаларды сүйемелдеу департаменті кәсіпкерлік субъектілеріне, сондай-ақ Алматы қаласының кәсіпкерлік бастау ойы бар жеке тұлғаларға мемлекеттік қолдау шаралары мен мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларға қатысу шарттары бойынша консультациялық қызметтер көрсетеді.


    Департаменттің міндеттері:
    • кәсіпкерлік субъектілеріне, сондай-ақ Алматы қаласының кәсіпкерлік бастамасы бар жеке тұлғаларға мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жеңілдікпен қаржыландыру мен гранттар алуға консультациялар беру;
    • Алматы қаласының жеке кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ кәсіпкерлік бастамасы бар жеке тұлғалар үшін нарыққа талдау жүргізу, маркетингтік стратегия, баға белгілеу моделі және қаржы моделі бөлігінде бизнес-жоспарлар әзірлеу;
    • қаржы институттарымен және қаржыландыру, субсидиялар және өтеусіз гранттар беруді жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.

    Әліпбай Мәдина Амангелдіқызы

    Департамент директоры

    Телефон: +7 (727) 225-10-79, вн.228

    Email: m.alipbay@qolday.kz

    «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығы» ЖШС-нің оқыту департаменті edu.qolday.kz оқыту платформасының құралдары бойынша онлайн және офлайн форматтарда ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер үшін кәсіпкерлік негіздері және бизнесті дамыту бойынша оқыту курстарын, салалық тренингтерді және мамандандырылған тереңдетілген курстарды келесі бағыттар бойынша өткізеді:

    1. Qoldaý Start;
    2. Qoldaý System;
    3. Ooldaý Profi;
    4. Жастар кәсіпкерлігі.

    Департаменттің міндеттері:
    • кәсіпкерлік негіздері бойынша базалық білім, сондай-ақ жаңа білімді ұсыну және кәсіби кәсіпкерлік құзыреттерді дамыту;
    • кәсіпкерлікпен ойлауды қалыптастыру, жеке қасиеттерді дамыту және өз бизнесі үшін, атап айтқанда шешім қабылдау және жасалатын іс-әрекеттер үшін кәсіби жауапкершілікті түсіну;
    • қазіргі нарықтық жағдайларда дербес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін практикалық дағдыларға үйрету.

    Орманова Сауле Баянқызы

    Департамент директоры

    Телефон: +7 (727) 225-10-79, вн.242

    Email: s.ormanova@qolday.kz

    «Qoldaý «кәсіпкерлік орталығы» ЖШС-нің корпоративтік даму және жаңа жобалар департаменті БАҚ пен әлеуметтік желілерде жағымды имидж қалыптастырады, масс-медиа өкілдерімен тығыз өзара іс-қимыл жасайды, бизнесті қолдау және «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығының көрсетілетін қызметтері бойынша қолданыстағы іс-шаралар туралы хабардар етеді, сондай-ақ кәсіпкерлік қызмет саласындағы жаңа жобаларды сүйемелдейді.

    Департаменттің міндеттері:
    • БАҚ және әлеуметтік желілерде барынша толық және объективті жариялау, БАҚ жарияланымдарына, теле- және радиохабарларға мониторинг жүргізу және «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығы қызметінің негізгі мәселелері бойынша қоғамдық пікірді талдау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен, журналистермен өзара іс-қимыл жасау;
    • жеке кәсіпкерлікті дамытуға және жақсартуға ықпал ететін жаңа жобаларды сүйемелдеу бойынша іс-шараларды жоспарлау және іске асыру;
    • қызмет бойынша ақпараттар мен материалдар дайындау және серіктестік жүргізген жұмыстарға талдау жасау.

    Рустембекова Ақбота Маратқызы

    Департамент директоры

    Телефон: +7 (727) 225-10-79, вн.245

    Email: a.rustembekova@qolday.kz

    «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығы» ЖШС-нің қаржылық және құқықтық қамтамасыз ету департаменті

    Тусупов Ержан Онгарбаевич

    Департамент директоры

    Телефон: +7 (727) 225-10-79, вн.205

    Email: e.tussupov@qolday.kz

    Қызметкерлерді басқару және әкімшілік мәселелер департаменті

    Мырзахметова Молдира Куандыковна

    Департамент директоры

    Телефон: +7 (727) 225-10-79 (вн.211), 225-10-83

    Email: m.myrzakhmetova@qolday.kz

    Құрметті «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығы» ЖШС келушілері!

          «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы» ҚР Заңының 16 – бабы 3-тармағына сәйкес және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бекіткен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығы» ЖШС-де (бұдан әрі-Серіктестік) 2022 жылдан бастап «Комплаенс-офицер» штат бірлігі енгізілді.

    Сондай-ақ, Серіктестікте азаматтар/клиенттер Серіктестікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзудың бар немесе ықтимал мүмкіндігі туралы ақпаратты хабарлай алатын немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізе алатын ақпарат арналары құрылған.

    Егер сіз Серіктестік қызметкерлері тарапынан болған сыбайлас жемқорлық көріністерінің куәгері болсаңыз немесе сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарының куәгері болсаңыз, Серіктестіктің комплаенс-офицеріне келесі байланыс арналары арқылы хабарлауыңызды сұраймыз:

    Жұмыс телефоны: +7-727-225-10-79 (іш.204);

    Электрондық пошта: antikor@qolday.kz

    Телефон қоңыраулары 09:00-ден 18:00-ге дейін (дүйсенбіден жұмаға дейін) қабылданады.

    Қалған уақытта көрсетілген поштаға жаза аласыз. Жұмыстан тыс уақытта алынған өтініштерді өңдеу өтінішті алғаннан кейінгі бірінші жұмыс күні жүзеге асырылады.

    Байланыс деректері:
    Алматы қаласы, Байзақов көшесі 303, 2 қабат

    Телефон:+7 (727) 225-10-79

    Жұмыс күндері:
    Дүйсенбі – Жұма, сағат 9:00-дан 18:00-ге дейін
    Түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін

    Кеңсе:

    Email: info@qolday.kz

    Телефон: +7 (727) 225-10-83

    Корпоративтік құжаттар

    • Жарғы
    • 2020 жылғы 23 шілдедегі қаулы
    • Qoldaý кәсіпкерлік орталығы ЖШС қаржылық есебі
    • Qoldaý кәсіпкерлік орталығы ЖШС даму жоспары

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат

    • ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы
    • Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар
    • Аналитикалық анықтама (ВАКР) 2022
    • Аналитикалық анықтама (ВАКР) 2020-2021
    • Qoldaý КО сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты
    • 2022 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары
    • Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар
    • Qoldaý КО мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу саясаты
    • ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы

    Бос жұмыс орындары

    Егер сіз біздің ұжымның мүшесі болғыңыз келсе, түйіндемеңізді поштаға жіберіңіз info@qolday.kz, хаттың тақырыбында: “Резюме”
    Түйіндемені жіберу

    Бос лауазымдар туралы барлық ақпарат enbek.kz порталда қолжетімді 

    enbek.kz

    Сатып алу жоспары

    «Qoldaý» Кәсіпкерлік орталығы» ЖШС Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 11 желтоқсандағы 2015 жылғы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алады.

    «Qoldaý» Кәсіпкерлік орталығының барлық сатып алулары Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу веб-порталында жүзеге асырылады.

    «Qoldaý» Кәсіпкерлік орталығының мемлекеттік сатып алу жоспары порталда орналастырылған.

    Мемлекеттік сатып алу жоспары