Мемлекеттік қолдау бағдарламасы және кәсіпкерлікті дамыту «Қарапайым заттар экономикасы»
Бағдарлама өңдеу өнеркәсібі мен агроөнеркәсіптік кешендегі жеке кәсіпкерлік субъектілеріне (шағын, орта және ірі бизнес) арналған
Сыйақы мөлшерлемесі
- жылдық 15%
Несиенің нысаналы мақсаты
- инвестициялар және айналым қаражатын толықтыру;
- айналым қаражатын жаңартылатын негізде толықтыруға жол беріледі
Бір қарыз алушыға арналған максималды сома
- шектеусіз*
Субсидияланатын мөлшер
- номиналды сыйақы мөлшерлемесінің 9%-на дейін
Субсидиялау мерзімі
- инвестициялар үшін - 10 жылға дейін, субсидиялау мерзімін одан әрі ұзартусыз;
- айналым қаражатын толықтыруға - 3 жылға дейін, субсидиялау мерзімін одан әрі ұзартусыз
Несие бойынша қайта қаржыландыру
- қарастырылмаған
* агроөнеркәсіптік кешенде, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібінде және қызмет көрсетуде өндіріс пен қайта өңдеу жобасын 10 млрд теңгеден астам сомаға несиелеу кезінде тиісті салалық орталық уәкілетті органның оң қорытындысы қажет
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының шеңберінде кепілдік беру шарттары
Жобалардың мақсаты
- несиеге қатынаста кепілдік беру
- 50 (инвестициялар) / 50 (айналым капиталын толтыру)
Кепілдік мерзімі
- несие мерзімінен артық емес
Бір қарыз алушыға арналған максималды сома
- несие мерзімінен артық емес
Кепілдік мөлшері
- 3 млрд теңгеге дейінгі несие сомасының 50% дейін;
- 3 млрд теңгеден жоғары 5 млрд теңгеге дейінгі несиелер бойынша 30% дейін