Конкурстың ұйымдастырушысы: «Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» КММ.
Орналасқан жері: Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 303, кеңсе 302
Байланыс телефондары: +7 (727) 390-20-99, +7 (727) 390-20-69
Конкурстың мәні: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 43 қаулысымен бекітілген Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант беру Қағидаларының 1 қосымшасына сәйкес, экономиканың басым секторларының тізбесі бойынша экономиканың басым секторларында мемлекеттік гранттар ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге өтеусіз негізде беріледі
Грант сомасы: 5 млн. теңгеге дейін.
Конкурстың түрі: Ашық конкурс.
Бюджет: 545 млн. теңге.
Конкурсқа қатысу үшін тапсырыс беру орны: «Электрондық Үкімет» веб порталы арқылы «Kezekte.kz» ақпараттық жүйесінде электрондық нұсқада. Портал 24/7 режимінде жұмыс істейді.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімдері: 2023 жылғы «1» маусымнан бастап, 2023 жылғы «11» маусымды қоса алғанда. Аталған мерзімнен кешіктіріліп түскен тапсырыстар қабылдауға алынбайды.
Қағидалардың 25-тармағына сәйкес кәсіпкер құжаттар топтамасын толық ұсынбаған не мемлекеттік гранттар беру қағидаларының шарттарында белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін дәйексіз деректер немесе құжаттар ұсынылған жағдайларда, өңірлік үйлестіруші ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттар кәсіпкерге қайтарылады.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысан бойынша тапсырысты және конкурстық құжаттаманың толық топтамасын «Электрондық Үкімет» веб-порталы арқылы электрондық нұсқада ұсынады. Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын электрондық тапсырыстар (https://kezekte.kz/) сілтемесі бойынша беріледі.
Конкурс туралы хабарландыру келесі сайттарда жарияланатын болады:
Кәсіпкердің (Kezekte.kz) веб-порталы арқылы электрондық өтініш беру тәртібі
«Kezekte.kz» веб-порталының жеке кабинетінде тіркелу үшін пайдаланушылар келесі мәліметтерді көрсетеді:
1) жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлер) үшін – ЖСН, толық атауы; тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болған жағдайда);
2) заңды тұлғалар (ЖШС) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін – БСН, толық атауы; тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болған жағдайда) және бірінші басшының ЖСН;
3) байланыс деректері (пошталық мекенжайы, телефоны, электрондық пошта мекенжайы);
4) ЖК/ЖШС екінші деңгейлі банктегі банк шотының деректемелері.
Анықтама үшін: Жоғарыда аталған деректер өзгерген жағдайда, пайдаланушы бір жұмыс күні ішінде жеке кабинетіне енгізілген дербес шотының деректерін өзертеді.
«Kezekte.kz» веб-порталына тіркелгеннен кейін кәсіпкер PDF нысанында құжаттардың келесі сканерленген көшірмелерін өтінішке қоса бере отырып, конкурсқа қатысуға өтініш береді:
1) басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған, өтінім беру кезіндегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы анықтама (бар болса);
2) «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өткенін растайтын, ескіру мерзімі 3 (үш) жылдан аспайтын құжаттың көшірмесі;
3) ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20 % мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды қоса қаржыландырудың (бизнес-жобаға қатысатын ақшалай қаражатпен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) болуын растайтын құжаттар, кәсіпкердің ағымдағы шотында ақшалай қаражаттың болуы туралы банктік шоттан үзінді көшірме немесе жылжымалы және жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжымайтын мүлік;
4) кәсіпкердің экономиканың басым секторларында қызметті жүзеге асыруы туралы мәліметтері бар дара кәсіпкерді тіркеу туралы хабарламаның көшірмесі (ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылы нәтижесінде мәліметтер түспеген жағдайда).
Өтініш, оған кәсіпкер электронды цифрлық қолымен қол қою арқылы субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеледі және ол өңірлік үйлестірушінің жеке кабинетінде қол жетімді болады.
Егер, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі өтінішті қабылдаған сәтке дейін, тіркелген өтініште қателердің бары анықталған жағдайда, кәсіпкер қайтарып алу себебін көрсете отырып, өтінішті қайтарып алуға құқылы.
Конкурсқа қатысу үшін кәсіпкер бір өтініш беруге ғана құқылы.
Өтініштер конкурс өткізу туралы хабарландыруда аталған мерзімдерде қабылданады.
Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі 4 (төрт) жұмыс күні ішінде кәсіпкер өтінішті тіркеген сәттен бастап, тиісті хабарламаның электронды цифрлық қолын пайдалана отырып, қол қою жолымен оны қабылдағанын растайды. Аталған хабарлама кәсіпкердің жеке кабинетінде қол жетімді болады.
Кәсіпкер құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған, не Бағдарламаның белгіленген талаптарының нысанына сәйкес келмейтін күмәнді деректер немесе құжаттар ұсынған жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі кәсіпкерге, оның ұсынған құжаттары бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, оны пысықтау үшін, ұсынған құжаттарын қайтарады.