2023 жылғы 25 мамырда Almaty Business Development Company басқармасының Халық банк және Tea House компаниясының өкілдерімен кездесу өтті.
Шай өнімдерінің ірі өндірушісі Tea House Қазақстанда сергітетін және дәмді сусын әуесқойларының жүрегін жаулап алған «Ассам чай», «Симба», «Индира», «Наурыз», «Тәңір", «Тамаша» және «Сандэй» секілді танымал сауда маркаларын шығарады.
Кездесу барысында «Даму-Өндіріс» бағдарламасы бойынша жеңілдікті несие беру шарттары талқыланып, нақтыланды. Кездесу қорытындысында Tea House компаниясының өкілдері зауыт ішінде таныстыру экскурсиясын өткізді.