Алкогольдік өнімдерді сақтау және бөлшек
сатуға арналған лицензия
Алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек сатуға лицензия алу үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:
Өтінім беру
Elicense.kz - «Электрондық лицензиялау» порталында өтінім беру - Өнеркәсіп және технологиялар - Қызметті лицензиялау - Алкоголь өнімін өндіретін аумақта оны сақтау және бөлшек сату қызметін қоспағанда, алкогольдік өнімдерді сақтау және бөлшек сату - Қызметке онлайн тапсырыс беру.
Мәлімет толтыру
Біліктілік талаптарына сәйкестігі жөнінде мәліметтер үлгісін толтырыңыз. Электрондық мәліметтер үлгісін толтыру үшін сізге келесі құжаттар қажет: 1.Жеке меншік немесе уақытша иелену (пайдалану), өтеусіз пайдалану құқығына сәйкес, ғимарат сыртында және денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының аумағында, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт және спорттық-техникалық ғимараттарда, жанармай құю бекеттерінде, сауда нарықтарында, мәдени және демалыс ұйымдарында тұрақты тұрудан тыс мақсаттарда қолданылатын стационарлық үй-жайдың болуы туралы құжаттар 2.Стационарлық үй-жайда су, электр энергиясы және канализацияның болуы туралы құжат 3.Мәліметтерді бекіту және (немесе) жолдау функциясы бар бақылау-касса машиналарының болуы туралы құжат 4. Лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Тіркеу
Электрондық өтінім қалыптастырылғаннан кейін, Қызмет беруші біліктілік талаптарына сәйкестігін одан әрі тексеру мақсатында өтінімді тіркейді.
Келісім
Әрі қарай, Қызмет алушы құжаттарды толық өткізбегенде және (немесе) мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, оның жеке кабинетіне лицензия немесе дәлелді бас тарту түрінде жауап жолданады.
Кеңес алу үшін бізге мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуыңызды өтінеміз: 8 (727) 225-10-79 (ішкі нөмір 200, ішкі нөмір 212)