Бизнес-жоспар дегеніміз не?
Бизнес-жоспар – бұл есептеулер мен алдағы бірнеше жылдық перспективалар көрсетілген сіздің жобаңыздың толық сипаттамасы. Ол әлеуетті инвесторларға немесе сіз несие алуға баратын банкке, серіктестерге, делдалдарға, сіздің командаңыз бен жобаның негізін қалаушы ретінде өзіңізге қажет.
Бизнес-жоспардың басты міндеті – жұмсалған қаражат пен күш-жігерді ақтайтын әрі инвестиция тұрғысынан қызықты жоба екендігіне әлеуетті серіктестерді сендіру.
Жаңа бизнес-жобаның сәтті басталуын қамтамасыз ету үшін.
Жаңа бизнес-жобаның сәтті басталуын қамтамасыз ету үшін. Дәл осы бизнес-жоспар кәсіпкерді алға қойған мақсатына жетелеп, табысты және болашағы зор бизнесті құруға мүмкіндік береді
Инвестиция тарту
Инвестициялар тарту. Инвестор өз қаражатын тәуекелге ала отырып, авантюралық істерге қатысы жоқ, маңызды бизнес-жоспарларды қарастыруға дайын. Бизнестің болашақ перспективасы мен табыстылығын дәлелдейтін нақты сандармен расталған толық есептеулер, бизнеске капитал тарту мақсатында әлеуетті инвесторларға ұсынуға болатын бизнес-жоспардың негізін құрайды.
Несие алу
Несие алу. Бизнесті несиелендіру туралы шешім тек ұсынылатын кепілді бағалау нәтижесі бойынша ғана емес, сондай-ақ, перспективалы жобаның бизнес-жоспарын жан-жақты талдау негізінде қабылданады.
I. Қортынды
III. Қызметтер сипаттамасы (тауарлар)
IV. Сату және маркетинг
V. Өндіріс жоспары
VI. Ұйымдастыру жоспары
VII. Қаржылық жоспары
VIII. Жоба тиімділігін бағалау
IX. Компания кепілдіктері мен тәуекелдері
X. Қосымшалары