Жер телімінің нысаналы
мақсатын өзгерту
Құрылысқа қатысты СЖТ алу үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:
Өтінім беру
Еlicense.kz - «Электрондық лицензиялау» порталында өтінім беру - Жер қатынастары - Рұқсаттар - Жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім шығару - Қызметке онлайн тапсырыс беру.
Мәлімет толтыру
Электрондық мәліметтер үлгісін толтырыңыз да, келесі құжаттарды тіркеңіз:
1. Құқық белгілеуші құжат
2. Жер теліміне қатысты мемлекеттік акт
3. Жер телімі сатып алынған жағдайда, оның кадастрлық құны
Тіркеу
Электрондық өтінім қалыптастырылғаннан кейін, Қызмет беруші қала құрылысы және жер туралы ережелерге сәйкестігін одан әрі тексеру мақсатында өтінімді тіркейді.
Келісім
Әрі қарай, Қызмет алушы құжаттарды толық өткізбесе және (немесе) мерзімі өткен құжаттарды ұсынса, оның жеке кабинетіне жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы архитектуралық шешім немесе дәлелді бас тарту түрінде жауап жолданады.
Қызмет құны - ақысыз.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі 13 жұмыс күнін құрайды.
Кеңес алу үшін бізге мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуыңызды өтінеміз: 8 (727) 225-10-79 (ішкі нөмір 200, ішкі нөмір 212)