Медициналық қызметке арналған лицензия
Медициналық қызметке лицензия алу үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:
Өтінім беру
Еlicense.kz- «Электрондық лицензиялау» порталында өтінім беру - Денсаулық сақтау-Қызметті лицензиялау-Медициналық қызмет-Қызмет тармақтары - Қызметке онлайн тапсырыс беру.
Мәлімет толтыру
Біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы ақпараттың электрондық үлгісін толтырыңыз.
Электрондық үлгіні толтыру үшін сізге қосымша құжаттар қажет:
1. Мамандандырылған қызмет тарапынан медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарына сай келетін үй-жайды немесе ғимаратты жалдау шарты / сату-сатып алу шарты.
2. Мамандандырылған қызмет тарапынан медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарына сәйкес жұмыс істейтін медициналық және (немесе) арнайы жабдықтың, аппараттар мен құралдардың, құрылғылардың, жиһаздың, тауарлық-материалдық құндылықтардың, көлік және басқа да құралдардың болуы (қажет болған жағдайда) туралы құжаттар .
3. Жоғары немесе орта медициналық білім алғаны туралы диплом;
4. Қайта даярлау курсынан өткені туралы құжат немесе біліктілікті арттыру курсын аяқтағаны туралы куәлік;
5. маманның сертификаты;
6. Жеке тұлғалар үшін - 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар еңбек кітапшалары;
7. Қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу үшін лицензиялық алым.
Тіркеу
Электрондық өтінім қалыптастырылғаннан кейін, Қызмет беруші құжаттардың толық пакеті ұсынылған кезде стандарттарға сәйкестігін одан әрі тексеру мақсатында өтінімді тіркейді.
Келісім
Әрі қарай, Қызмет алушы құжаттарды толық өткізбегенде және (немесе) мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, оның жеке кабинетіне дайын лицензия немесе дәлелді бас тарту түрінде жауап жолданады.
Қызмет құны - 10 АЕК.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі 13 жұмыс күнін құрайды.
Кеңес алу үшін бізге мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуыңызды өтінеміз: 8 (727) 225-10-79 (ішкі нөмір 200, ішкі нөмір 212)