Санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыны алу
Санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:
Өтінім беру
Еlicense.kz - «Электрондық лицензиялау» порталында өтінім беру - Денсаулық сақтау - Жоғары эпидемиологиялық маңызы бар объектінің халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды беру және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік қадағалау мен бақылауға жататын азық-түлік өнімдерін өндіру объектісіне есеп нөмірін беру - Қызметке онлайн тапсырыс беру.
Мәлімет толтыру
Электрондық мәліметтер үлгісін толтырыңыз да, келесі құжаттарды тіркеңіз: 1. Зертханалық-аспаптық зерттеулерге (сынақтарға) сәйкес аккредиттелген зертханалар жүргізетін зерттеулердің (сынақтардың) хаттамасы.
Тіркеу
Электрондық өтінім қалыптастырылғаннан кейін, Қызмет беруші өтінімді тіркейді, одан әрі нысанға барып, денсаулық сақтау мекемелеріне тиісті санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкестігін тексереді.
Келісім
Әрі қарай, Қызмет алушы құжаттарды толық өткізбесе және (немесе) нысан санитарлық нормалар мен ережелерге сай келмесе, оның жеке кабинетіне қорытынды немесе дәлелді бас тарту түрінде жауап жолданады. Қызмет құны - ақысыз. Мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі 10 жұмыс күнін құрайды.
Кеңес алу үшін бізге мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуыңызды өтінеміз: 8 (727) 225-10-79 (ішкі нөмір 200, ішкі нөмір 212)