Сәулет-жоспарлау тапсырмасын
(СЖТ) алу
Құрылысқа қатысты СЖТ алу үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:
Өтінім беру
Еlicense.kz - «Электрондық лицензиялау» порталында өтінім беру - Құрылыс - Құрылыс және қайта жөндеу жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну - Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру - Қызметке онлайн тапсырыс беру.
Мәлімет толтыру
Электрондық мәліметтер үлгісін толтырыңыз да, келесі құжаттарды тіркеңіз:
1. Жер теліміне құқық белгілейтін құжат
2. Сауалнама
3. Техникалық жоба (қайта жөндеу үшін)
4. Іргелес үй-жай иелерінің келісімі (қайта жөндеу кезінде)
Тіркеу
Электрондық өтінім қалыптастырылғаннан кейін, Қызмет беруші жоспарланған құрылыстың бекітілген бас жоспарға, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына немесе елді мекендерді дамыту мен салу схемасына сәйкестігін одан әрі тексеру мақсатында өтінімді тіркейді.
Келісім
Әрі қарай, Қызмет алушы құжаттарды толық өткізбегенде және (немесе) мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, оның жеке кабинетіне дайын СЖТ (тік жоспарлау белгілері, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасынан көшіру, жолдар мен көшелердің көлденең қималары, техникалық шарттар, сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары) немесе дәлелді бас тарту түрінде жауап жолданады.
Қызмет құны - ақысыз.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі 15 жұмыс күнін құрайды.
Кеңес алу үшін бізге мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуыңызды өтінеміз: 8 (727) 225-10-79 (ішкі нөмір 200, ішкі нөмір 212)