• Басты
  • Жаңалықтар
  • Корея Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы «Қазақстан нарығына шығу бойынша Семинар 2024» өткізді

Корея Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы «Қазақстан нарығына шығу бойынша Семинар 2024» өткізді

20 ноября 2024
Корея Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы «Қазақстан нарығына шығу бойынша Семинар 2024» өткізді

2024 жылғы 18 қарашада Корея Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы «Қазақстан 2024 нарығына шығу бойынша семинарын» өткізді. Семинар екіжақты ынтымақтастық пен серіктестік перспективаларын талқылау үшін маңызды алаңға айналды
Семинардың негізгі мақсаты Қазақстан мен Корея арасындағы экономикалық байланыстарды нығайту, сондай-ақ ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктерді дамыту болды
Almaty Business Development Company Басқарма төрағасының орынбасары А. Задабек компанияның қызметі мен Алматы қаласының инвестициялық әлеуетін таныстыра отырып, спикер ретінде сөз сөйледі. А. Задабек қатысушыларға мемлекеттік қолдау шаралары, Қазақстанға инвестиция салудың артықшылықтары туралы айтып, индустриялық және арнайы экономикалық аймақтардың қызметі туралы ақпарат берді
Семинарға Caspian Group және KOTRA сияқты жетекші компаниялар мен ұйымдардың өкілдері қатысты. Сондай-ақ Zoom платформасы арқылы онлайн режимде 30-ға жуық кореялық компания қатысты
Іс-шара барысында сұрақ-жауап сессиялары ұйымдастырылып, бірлескен жобаларды іске асыру және тәжірибе алмасу мүмкіндіктері белсенді талқыланды. Семинар нетворкингпен аяқталды, бұл қатысушыларға екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін жаңа іскерлік байланыстар орнатуға мүмкіндік берді

Басқа жаңалықтар

2025 жылғы 02 сәуірде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р.В. Склярдың Германия Федеративтік Республикасына жұмыс сапары аясында Майндағы Франкфуртте «Kazakhstan…

9 апреля 2025

23 наурызда Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында ұйымдастырылған «Almaty Clean&Green»ауқымды экологиялық акциясы өтті….

1 апреля 2025

2025 жылғы 5 наурызда Малайзияның Пенанг штатының астанасында ҚР Малайзиядағы Елшілігінің қолдауымен Пенангтағы ҚР Құрметті консулдығы ұйымдастырған «Қазақстан: Еуразия жүрегі»…

16 марта 2025