Алматыда электротехникалық жабдықтар шығаратын зауыт ашылды

24 ноября 2023
Алматыда электротехникалық жабдықтар шығаратын зауыт ашылды

2023 жылғы 23 қарашада «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында электротехникалық жабдықтар мен электр энергиясын тарату жүйелерін шығаратын қазақстан-малайзия зауытының ашылуы өтті.

Инвестициялық жобаны 1976 жылдан бастап мұнай — газ және электротехникалық өнімдер нарығында белсенді ойыншы болып табылатын малайзиялық компанияның Орталық Азиялық өкілдігі-OSB Kazakhstan жүзеге асырады. Өндіріс процесінде «RAWAK SMART» төмен вольтты жүйесінің инновациялық технологиясы қолданылатын болады.

Жобаны іске асыруға ауданы 0,6 га жер учаскесі бөлінді, жобаның құны 15 жұмыс орнын құрумен 980 млн. теңгені құрайды. Өндірістік қуаттылықтар жылына 2 мыңға жуық өнім шығаруға есептелген.

Ашылу салтанатына Almaty Business Development Company басқарма төрағасы А. Рамазан қатысып, Қазақстан-Малайзия қатынастарының дамуына қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді.

Басқа жаңалықтар

2024 жылдың 24 желтоқсанында Almaty Business Development Company өкілдері «Тұран» университетінің оқытушылары және студенттерімен Компанияның қызметімен таныстыру мақсатында кездесу өткізді….

27 декабря 2024

2024 жылғы 18 қарашада Корея Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы «Қазақстан 2024 нарығына шығу бойынша семинарын» өткізді. Семинар екіжақты ынтымақтастық…

20 ноября 2024

2024 жылғы 22 қазанда Алматы қаласында Almaty Business Development Company, Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы мен «Kazakh Invest» АҚ…

24 октября 2024