Алматы 2025 жылдың 12 шілдесінде өтетін Ашық есік күніне инвесторларды шақырады
2025 жылдың 12 шілдесінде Алматы қаласында инвесторлар үшін Ашық есік күні өтеді. Бұл шара Алматы қаласының басшылығымен бірге жүзеге асырылады. Ашық есік күні инвесторлармен ашық диалог құруға, өзекті және перспективалы жобаларды таныстыруға, сондай-ақ ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын талқылауға арналған тиімді алаң болады. Іс-шараға қатысушылар Алматы қаласының басшыларымен тікелей сөйлесіп, қызықтыратын сұрақтарына жауап ала алады.
Іс-шара «Almaty Business Development Company» компаниясының алаңында өтеді. Бұл компания Алматы қаласында инвестицияларды тарту және инвесторларды қолдау бойынша жұмыс істейді. «Бір терезе» моделі аясында компания инвестициялық жобалар бойынша толық кеңес беру және қолдау қызметтерін ұсынады. Негізгі қызмет бағыттары: қала экономикасының басым секторларына инвестициялар тарту, мемлекеттік және өңірлік қаржыландыру бағдарламалары бойынша кеңестер беру, сондай-ақ жобаларды жүзеге асырудың барлық кезеңдерінде — рұқсат құжаттарын алудан мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесуге дейін — кешенді қолдау көрсету.
Күні: 2025 жылдың 12 шілдесі
Уақыты: 10:00
Өтетін орны: Байзақова 303, 2 қабат
https://2gis.kz/almaty/geo/9430047375063437/tab/inside?m=76.914839%2C43.229946%2F16
Аккредитация үшін: Гульсум Кунелекова + 77013416626