Корея Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы «Қазақстан нарығына шығу бойынша Семинар 2024» өткізді
2024 жылғы 18 қарашада Корея Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы «Қазақстан 2024 нарығына шығу бойынша семинарын» өткізді. Семинар екіжақты ынтымақтастық пен серіктестік перспективаларын талқылау үшін маңызды алаңға айналды
Семинардың негізгі мақсаты Қазақстан мен Корея арасындағы экономикалық байланыстарды нығайту, сондай-ақ ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктерді дамыту болды
Almaty Business Development Company Басқарма төрағасының орынбасары А. Задабек компанияның қызметі мен Алматы қаласының инвестициялық әлеуетін таныстыра отырып, спикер ретінде сөз сөйледі. А. Задабек қатысушыларға мемлекеттік қолдау шаралары, Қазақстанға инвестиция салудың артықшылықтары туралы айтып, индустриялық және арнайы экономикалық аймақтардың қызметі туралы ақпарат берді
Семинарға Caspian Group және KOTRA сияқты жетекші компаниялар мен ұйымдардың өкілдері қатысты. Сондай-ақ Zoom платформасы арқылы онлайн режимде 30-ға жуық кореялық компания қатысты
Іс-шара барысында сұрақ-жауап сессиялары ұйымдастырылып, бірлескен жобаларды іске асыру және тәжірибе алмасу мүмкіндіктері белсенді талқыланды. Семинар нетворкингпен аяқталды, бұл қатысушыларға екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін жаңа іскерлік байланыстар орнатуға мүмкіндік берді