«БеНиЛюкс» сауда палатасы ұйымдастырған екіжақты экономикалық қатынастарды жандандыру үшін Қазақстан-Бельгия Іскерлік кеңесінің II отырысы өтті
2024 жылғы 29 мамырда Алматы қаласында екі елдің 50-ден астам мемлекеттік органдары мен бизнес өкілдерінің қатысуымен «Атамекен» ҚР ҰКП қолдауымен «БеНиЛюкс» сауда палатасы ұйымдастырған екіжақты экономикалық қатынастарды жандандыру үшін Қазақстан-Бельгия Іскерлік кеңесінің II отырысы өтті
Іс-шара барысында қатысушыларға инвестициялық мүмкіндіктер, сондай-ақ бельгиялық өнімдерді қазақстандық нарықтарға экспорттау әлеуеті таныстырылды
Almaty Business Development Company басқарма төрағасы Рамазан А. құттықтау сөз сөйлеп, Бельгия Корольдігінің елшісі Анри Ван Тигем мен БеНиЛюкс сауда палатасының президенті Денис Ван ден Вейхті жылы қарсы алып, Қазақстанға инвестициялар тартуда байланыс орнатуға жәрдемдесуге дайын екенін білдірді
Сондай-ақ, Almaty Business Development Company қызметкерлері Алматы қаласының инвестициялық мүмкіндіктерін, инвестициялық преференцияларды, соған қоса индустриялық және арнайы экономикалық аймақтардың қызметі бойынша ақпарат таныстырды
Форум соңында, В2В форматында екіжақты кездесулер өтті, бұл өз кезегінде өзара ынтымақтастық перспективаларын талдауға, жаңа идеялар мен инвестициялық жобаларды талқылауға мүмкіндік берді