Алматы қаласында қонақ үй ашу жобасын іске асыру мәселесі бойынша кәсіпкермен кездесу өткізді
2024 жылғы 23 қыркүйекте Almaty Business Development Company басқарма төрағасы А. Рамазан және Алматы туризм басқармасының басшысы Г. Токсеитова Алматы қаласында қонақ үй ашу жобасын іске асыру мәселесі бойынша кәсіпкермен кездесу өткізді
Кездесу барысында Almaty Business Development Company өкілдері бизнесті дамытуды мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мәселелері бойынша кеңес берді. Сондай-ақ, инвесторға жеңілдетілген несиелеу бағдарламалары туралы ақпарат берілді
Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар қалада қонақ үй бизнесін дамытудың маңыздылығын атап өтіп, осы бағытта одан әрі қолдау мен сүйемелдеу көрсетуге келісті