Алматыда электротехникалық жабдықтар шығаратын зауыт ашылды

24 ноября 2023
Алматыда электротехникалық жабдықтар шығаратын зауыт ашылды

2023 жылғы 23 қарашада «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында электротехникалық жабдықтар мен электр энергиясын тарату жүйелерін шығаратын қазақстан-малайзия зауытының ашылуы өтті.

Инвестициялық жобаны 1976 жылдан бастап мұнай — газ және электротехникалық өнімдер нарығында белсенді ойыншы болып табылатын малайзиялық компанияның Орталық Азиялық өкілдігі-OSB Kazakhstan жүзеге асырады. Өндіріс процесінде «RAWAK SMART» төмен вольтты жүйесінің инновациялық технологиясы қолданылатын болады.

Жобаны іске асыруға ауданы 0,6 га жер учаскесі бөлінді, жобаның құны 15 жұмыс орнын құрумен 980 млн. теңгені құрайды. Өндірістік қуаттылықтар жылына 2 мыңға жуық өнім шығаруға есептелген.

Ашылу салтанатына Almaty Business Development Company басқарма төрағасы А. Рамазан қатысып, Қазақстан-Малайзия қатынастарының дамуына қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді.

Басқа жаңалықтар

2025 жылғы 28 мамырда Алматы қаласының Индустриялық аймағында Sleipnir Technologies лак-бояу зауытының құрылысы салтанатты түрде басталуына орай капсула қаланды Зауыттың…

30 мая 2025

2025 жылғы 13 мамырда Алматы қаласы әкімінің орынбасары А.Абдыкадыров Қытайдың жетекші бизнес-мектептерінің бірі — Cheung Kong Graduate School of Business…

19 мая 2025

2025 жылдың 8 мамырында Алматы қаласында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы мен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» бастамасы аясында Ұлы Отан…

8 мая 2025