• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алматы қаласының Индустриялық аймағында Sleipnir Technologies лак-бояу зауытының құрылысының басталуына орай капсула салтанатты түрде қаланды

Алматы қаласының Индустриялық аймағында Sleipnir Technologies лак-бояу зауытының құрылысының басталуына орай капсула салтанатты түрде қаланды

30 мая 2025
Алматы қаласының Индустриялық аймағында Sleipnir Technologies лак-бояу зауытының құрылысының басталуына орай капсула салтанатты түрде қаланды

2025 жылғы 28 мамырда Алматы қаласының Индустриялық аймағында Sleipnir Technologies лак-бояу зауытының құрылысы салтанатты түрде басталуына орай капсула қаланды
Зауыттың жобалық қуаты жылына 6 091 тоннаны құрайды, бұл Қазақстандағы автомобильдік лак-бояу материалдарына ішкі сұраныстың 11% — на дейін қанағаттандыруға мүмкіндік береді
Жобаның жалпы құны-11,058 млрд теңге. 84 жұмыс орнын құру, сондай-ақ лак-бояу технологиялары мен колористика саласында 6 жаңа мамандықты енгізу көзделінген
«Біз Орталық Азияда автомобильдік лак-бояу материалдарын шығаратын алғашқы зауыт салып жатырмыз. Біздің өнімнің 80%-ы бұрын Қазақстанда өндірілмеген. Бұл ішкі нарықты алғаш рет «Made in Kazakhstan» бояуымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — деп атап өтті «Sleipnir Technologies» ЖШС Бас директоры Т. Курманов.
Рәсімге қатысқандар:
Алматы қаласы әкімінің орынбасары А. Абдыкадыров
«Астана Моторс» негізін қалаушы Н. Смагулов
Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы А. Сатыбалдиев
«Almaty Business Development Company» басқарма төрағасы А. Рамазан
Алматы қаласындағы «Kazakh Invest» АҚ өкілдігінің басшысы Ж. Надыров
«Алматы индустриялық аймағы» ЖШС басқарма төрағасының м. а. А. Туяқов

Басқа жаңалықтар

2025 жылғы 13 мамырда Алматы қаласы әкімінің орынбасары А.Абдыкадыров Қытайдың жетекші бизнес-мектептерінің бірі — Cheung Kong Graduate School of Business…

19 мая 2025

2025 жылдың 8 мамырында Алматы қаласында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы мен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» бастамасы аясында Ұлы Отан…

8 мая 2025

2025 жылғы 02 сәуірде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р.В. Склярдың Германия Федеративтік Республикасына жұмыс сапары аясында Майндағы Франкфуртте «Kazakhstan…

9 апреля 2025