Бос жұмыс орындары

Бос жұмыс орындары

Менеджер бизнес-процестердің әдіснамасы және бағалау департаменті (тұрақты)

Жұмыс бейіні, функционалдық міндеттері:

  • Реттеуші құралдарды және (немесе) талаптарды айқындау процестерін әзірлеу
  • Әкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталған ұсынымдар әзірлеу
  • Инвестициялық және кәсіпкерлік қызмет мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының құқықтық актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың мониторингі жөнінде жұмыстарды іске асыру және қажет болған жағдайда ұсыныстар дайындау
  • Білім базасын қалыптастыру және «кіру» – «шығу» заңдылығын сипаттайтын әдістерді, модельдер мен алгоритмдерді әзірлеу; ақпаратты іздеудің ашықтығын ұйымдастыру және бизнеске кеңес беру үшін тиімді білім алмасу процесі бойынша жұмыстарды орындау
  • Тапсырманы (жұмыс жоспарын) қалыптастыру процесін іске асыру және аутсорсингтік қызметтерді үйлестіру жөніндегі жұмыстарды құрылымдау
  • Кәсіпкерлік бастамасы бар жеке тұлғалардың және кәсіпкерлік субъектілерінің компания қызметтерін алудағы бастапқы қажеттілігін анықтау
  • Клиенттік базаға қажетті деректерді енгізу
  • Компания қызметтеріне бизнес тарапынан сұранысқа ие қажеттіліктерінің тізілімін қалыптастыру
  • Телефон қоңырауларын қабылда

Лауазымға қойылатын талаптар:

  • Жоғары білім (бизнес, басқару және құқық; инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары)
  • Мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жылдар(қажет болған жағдайда) — 1 жылдан кем емес
  • Тілдерді білу: Қазақ тілін білген жөн
  • Компьютерлік дағдылар, арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету білімі Microsoft Office, Excel, PowerPoint және т. б. ДК бағдарламалары
  • Қосымша білім және сертификаттар: Жақсы сөйлеу және жазу дағдылары

Маңызды ақпарат!

Егер сіз серіктестік қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністерінің куәгері болсаңыз немесе сыбайлас жемқорлық бұзушылықтардың куәгері болсаңыз немесе белгілі бір сыйақы үшін кредит ресімдеуді ұсынатын немесе делдалдық қызметтер үшін ақы талап ететін адамдармен кездессеңіз, сізден сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлауыңызды сұраймыз
серіктестіктің комплаенс-қызметін келесі байланыс арналары арқылы:

Жұмыс телефоны: +7 (727) 225-10-79
Электрондық пошта: m.kozhassan@abdc.kz

Ауызша және жазбаша өтініштер сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін (дүйсенбіден жұмаға дейін) қарауға қабылданады. Электрондық байланыс арқылы ақпарат пен хабарламалар тәулік бойы қабылданады.

«Almaty Business Development Company «Алматы қаласының бизнесті дамыту компаниясы»ЖШС сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі