Химиялық өндіріс

Химиялық өндіріс

Химия өнеркәсібі Қазақстандағы жетекші өнеркәсіп салаларының бірі болып табылады

Өнеркәсіп өнімінің көлемі жыл сайын артып келеді. Өткен жылдың соңында химия өндірісінің көлемі 907,8 млрд теңгені құрады (2021 жыл – 554,7 млрд теңге)

Қазақстанның кәсіпорындары тек ішкі нарыққа ғана емес, экспортқа да жұмыс істейді. Химия өнімдерінің негізгі көлемі Ресей, Қытай және Өзбекстанға жөнелтіледі 2022 жылдың қорытындысы бойынша инвестиция 229,9 млрд теңгені құрады (2021 жыл – 462,6 млрд теңге)

Мемлекет республикалық және жергілікті атқарушы билік деңгейінде елімізде кәсіпкерлікті жүргізуге қолайлы жағдай жасау арқылы осы саланың дамуына жағдай жасайды. Инвесторларға несиелеудің жеңілдетілген шарттары, кедендік төлемдер, салық жеңілдіктері және заттай гранттар ұсынылады