Almaty Business Development Company өкілдері «Тұран»университетінің оқытушылары мен студенттерімен таныстыру кездесуін өткізді
2024 жылдың 24 желтоқсанында Almaty Business Development Company өкілдері «Тұран» университетінің оқытушылары және студенттерімен Компанияның қызметімен таныстыру мақсатында кездесу өткізді. Кездесу барысында өкілдер Компанияның және Алматы қаласындағы туризм саласындағы жобалық кеңсенің жұмысы туралы хабардар етті. Жеңілдетілген қаржыландыру, мемлекеттік гранттар арқылы кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту шаралары, сондай-ақ Алматы қаласының индустриялық және «ПИТ» арнайы экономикалық аймақтары жайында ақпарат ұсынылды
Кездесу қорытындысы бойынша Компания өкілдері өздерін қызықтырған мәселелер бойынша кеңес беруге дайын екендіктерін білдірді